Ақмола облысы
Қорғалжын ауданы
Тақырыбы: «Мектепке дейінгі
ұйымдарда инклюзивті топпен жұмысты ұйымдастыру формалары мен бағыттары».
«Балауса» балабақша
мемлекеттік
мекемесінің әдіскері
Мусабаева
Кульзайраш Жуматаевна
Ақмола облысы
Қорғалжын ауданы
Қорғалжын ауылы
«Балауса» балабақша
мемлекеттік мекемесінің
әдіскері:Мусабаева
Кульзайраш Жуматаевна
Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса,
соғырлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек.
Неміс педогог-дефектолог П.Шуман.
Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті топпен жұмысты
ұйымдастыру формалары мен бағыттары.
Жас ұрпақ тәрбиесі- адамның мәңгілік тақырыбы.Мектепке
дейінгі баланың тәрбие білім берудің алғашқы сатысы.
Иинклюзивті оқыту-барлық кемтар балаларға мектепке дейіінгі оқу
орындарында,мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивтік топпен жұмысты ұйымдастыру формалары балалармен жаппай және топішілік, жеке
сабақтар өткізу болып табылады. Балалармен сабақ өтудің оңтайлы ұзақтығы олардың жасына ғана емес,
жеке басының мүмкіндіктеріне жұмыс қабілеттілігіне, зейінінің тұрақтылығына
байланысты. Дамуында кемістігі бар немесе жас нормасына лайықты дамымаған
тәрбиеленушілермен жаппай және топішілік
сабақтарды күннің бірінші
жартысында дефектолог мұғалімі жүргізеді. Тәрбиеші қалыпты дамыған балалармен сабақ өткізеді.Сонымен қатар дене шынықтыру және музыка сабақтары
бірге өткізіледі.Жалпы инклюзивті білім беру –мүмкіндігі шектеулі балаларды
оқытып-үйретудің бір формасы.
Инклюзивті
топтарда білім беру процесінің бағыттары:
Инклюзивті топтарда білім беру процесінің мазмұны мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты және арнаулы (түзетуші) бағдарламалармен,дамуында ауытқушылығы бар
тәрбиеленушілердің жеке ерекшілктеріне ескере отырып анықталады.Топтың әрбір
балалары үшін жеке даму бағдарламасы жасалады. Дефектолог мұғалім мен педагог- писхолог дамытушылық сабақтарына барынша көп уақыт
беруілуі тиіс. Инклюзивті топтарда білім беру ұйымдастыру негізінде 4 бағытта
жүргізіледі.
Жұмыстың диагностикалық бағыты:
Балаға мектепке дейінгі білім ұйымдарында консилиум
мамандары кешенді динамикалық бақылау
жасау арқылы қамтамасыз етіледі.
Консилиум құрамына
меңгеруші бұйрығымен дефектолог мұғалімі, логопед, психолог, дәрігер, топ
тәрбиешісі енгізіледі.
Жұмыстың түзетушілік-дамытушылық бағыты:
Жеке басқа тұтасынан әсер ететін шаралар, жеке даму
кемшіліктерін түзету.Дамуда кемістігі бар әрбір баланың үлгеріуіне динамикалық бақылау жасау.
Жұмыстың жалпы білім берушілік бағыты:
Балалардың қоғамдық тәжірибені меңгеру тәсілдеріне
үйретуді, әрбір жас кезеңіне, олардың танымдық
белсенділігін дамытуды, сондай-ақ
баланың жеке басының мүмкіндіктері мен ерекшіліктерін ескере отырып,
мектепте оқуға даярлауды қарасытырады.
Әлеуметтік-тәрбие жұмысы.
Әлеуметтендіру мәселелерін шешуге бағытталған:
-бала мен оның отбасының дербестігі мен автономиясын
арттыруға;
-дамуында ауытқушылығы бар балаларды қалыпты дамыған
құрдастары арасында ерте, толыққанды әлеуметтік кіріктіруді;
- мектепалды баланың әрекеті мен мінезіндегі
адамгершілік бағыттарының қалыптасуына;
- жеке басының оң сапаларын тәрбиелеуге.
Ата-аналар мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға
және мүдделерін іске асыруға, оны қорғауға құқылы.
Қазіргі таңда Қорғалжын ауылы «Балауса» балабақшасында 6
топта 140 бүлдіршін тәрбиеленуде, оның
ішінде 2 сауықтандыру тобы жұмыс істейді. Балабақшада мүмкіндігі шектеулі балалардың
болмағандықтарына байланысты инклюзивті білім беру жұмыстары
қарастырылмаған.Соңғы кезде балалар арасында
сөйлеу тілінің бұзылуы жиі кездеседі. Сол себеппен «Балауса»
балабақшасының топтарында жалпы сөйлеку
тілі ақаулықтары бар балалармен күнделікті жұмыста әр баланың жеке қабілетін ескере отырып, логопедиялық
сбақтар, жеке түзете-дамыту жұмыстары жүргізіледі. Сөйлеу тілінің даму
деңгейінің тексеру әдістемелері бойынша 100%жоғары деңгейлік көрсетеді.
Сонымен, қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту-балалардың тең
құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті
қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік
береді. Баланы өмірге бейімдеуде отбасы мен балабақшаның алатын орны ерекше.
Жас нәрестенің дені сау болса, отбасына зор қуаныш пен бақыт әкеледі.Елімізде
өркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі,
дені сау азаматтар мен азаматшылар тәрбиелеу керек дер едім.