"Әнші балапан" байқауы
КММ "Балауса" балабакшасының ұйымдастыруымен балалар арасында "Әнші балапан" байқауы өтті. Байқауға 8 бала қатысып, бақ сынады.Байқау екі кезеңнен құралды, бірінші кезеңде өнерлерін көрсетсе, екінші кезеңде тек ән айтып қана қоймай балаларға қызықты сұрақтар қойылды (викторина) , музыкалық білімдерін де көрермендерге паш етті. Нәтижесінде Бас жүлдеге, Айгөлек ересек тобының тәрбиеленушісі Сағатбек Алмаз ие болды. "Ақбота" сауықтандыру тобынан Аблайхан Мансұр қатысып, жүлделі бірінші орынды иеленді. Жүлделі екінші орын "Жұлдыз" ересек тобының тәрбиеленушісі Тәжі Еңлікке бұйырды.Байқауда бақ сынаған "Ақбота" тобының тәрбиеленушісі Нурсеитова Саида жүлделі үшінші орынға ие болды! Қалған қатысушылар:"Күншуақ" ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Зекенова Азалия, "Жұлдыз" ересек тобының тәрбиеленушісі Талдықорған Айбар, "Жұлдыз" ересек тобының тәрбиеленушісі Жанболат Адия. "Ақбота" сауықтандыру тобының тәрбиеленушісі Төлеген Назылы,"Жұлдыз" ересек тобының тәрбиеленушісі Бейбіт Гүлсана белсене қатысып, өз өнерлерін көрерменге көрсетіп, байқауға қызығушылық танытты. Байқауға төрелік етуге: Қорғалжын аудандық білім бөлімінің әдіскері Елеуова Жанаргул Амангельдиевна, "Бурабай толқындары 2"аймақтық телевизиялық байқауының финалисті Бейсембеков Төрежан Валиханұлы, Р. Есімжанова атындағы балалар ән - күй мектебінің тәрбие ісі меңгерушісі Нәкен Еркеназ Құрманғазықызы келіп, бағалады. Балалар диплом, алғыс хат және де сыйлықтармен марапатталды. Сыйлықтармен демеушілік еткен Қорғалжын ауданының азаматы Тажин Махамбет. "Әнші балапан" байқауын өткізген, КММ "Балауса" балабакшасының ән-куй ұстазы Каратаева Мариям Аблайхановна.