Ақмола облысы білім басқармасының  Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі  Қорғалжын ауылының  "Балауса" бөбекжайы" МКҚК
ГККП "Ясли сад "Балауса"  села Коргалжын отдела образования  по Коргалжынскому району  управления образования Акмолинской области"

балабақшадағы балалармен тәрбиешілердің жұмысы

Бос орын 01.09.2026 Есепші қажет. 1. Жалпы ережелер: Есепші әкімшілік-шаруашылық персонал құрамына жатады Лауазымға тағайындау және босату білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады Өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын басшылыққа алады 2. Біліктілік талаптары: «Бухгалтерлік...

    Бос орын 05.01.2026 Есепші қажет. 1. Жалпы ережелер: Есепші әкімшілік-шаруашылық персонал құрамына жатады Лауазымға тағайындау және босату білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады Өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын басшылыққа алады 2. Біліктілік талаптары: «Бухгалтерлік...

      Бос орын 01.09.2026 От жағушы қажет. 1. Жалпы талаптар: Орта білімі болуы тиіс (кемінде) Арнайы даярлықтан немесе қысқа мерзімді оқытудан өткен болуы қажет Қазандық (котельная) жабдықтарымен жұмыс істеу дағдылары болуы тиіс Еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі қажет 2. Міндетті құжаттар: Жеке куәлік Медициналық...

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Балалық шақ мәңгі есімде”

28.05.2026

“Балауса” бөбекжайының “Қоқиқаз” ересек тобында “Балалық шақ мәңгі есімде” атты әсерлі қоштасу кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Мерекелік шараның басты мақсаты – бүлдіршіндердің балабақшадағы бақытты күндерін еске алып, мектеп өміріне қадам басар сәтін қуанышпен атап өту болды. Кеш барысында балалар әсем ән шырқап, жүрекке жылы әсер сыйлайтын тақпақтарын мәнерлеп оқып, би билеп өз өнерлерін паш етті. Әрбір бүлдіршіннің бойынан балалықтың бал дәурені мен тәрбиенің жемісі анық байқалды.
Сонымен қатар, мерекеге ертегі кейіпкерлері – түлкі мен қоян қонаққа келіп, балалармен қызықты ойындар ұйымдастырды. Олар бүлдіршіндердің білімдерін тексеріп, тапқырлығы мен зеректігіне тәнті болды. Балалар сұрақтарға белсене жауап беріп, ойындарға қызығушылықпен қатысып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Кеш барысында ата-аналар балаларының жетістіктеріне қуанып, тәрбиешілерге шынайы алғыстарын білдірді. Балабақша ұжымы ата-аналарға алғыс хаттар табыстап, өзара сыйластық пен ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Ал бүлдіршіндерге дипломдар беріліп, олардың алғашқы жетістіктеріне құрмет көрсетілді.
“Балалық шақ мәңгі есімде” атты бұл кеш балалардың есінде ұзақ сақталатын ерекше мерекеге айналды. Балабақша қабырғасында өткен қызықты сәттер мен балғын шақтың тәтті естеліктері әрдайым жүректерінде сақталары сөзсіз.

Просмотров: 399

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст