«Балауса» балабақшасы мемлекеттік мекемесі.
Тіл мерекесі балалар үшін маңызды мерекелердің
бірі. Жылда балабақшада басқа ұлт өкілдерінің балалары арасында тіл күніне орай
жүйелі түрде сайыстар өткізілді. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мақсатында «Балауса»
балабақшас мемлекеттік мекемесінде топтар арасында «Ертегілер еліне саяхат»
тақырыбына байланысты ертегі қойылымдар көрсетті.
Ертегі- халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі, ауыз
әдебиеті. Ертегіден халқымыздың тұрмыс-салтын, әдеп-ғұрыпын
білеміз. Онда шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп
отырады.
Біз
бүгінгі тіл мерекесіне орай ертеден келе жатқан «Бауырсақ» «Қызыл телпке», «Жеті лақ пен қасқыр», «Мақта
қыз бен мысық», «Үйшік»,»Шалқан» ертегілерін ұсынамыз.
Мақсаты:Балаларға ертегілер туралы түсінік бере отырып,балалардың байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету.
Балалардың тілін,қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту,логикалық қабілетін,
танымын дамыту.Зейін ақыл-ой белсенділігін арттыру.
Өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста
болуға, біреуге қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға, саналы етіп тәрбиелеу.
Шет тіл мұғалімі-Күреген А.Ж. Орыс халық «Үйшік» ертегісін ағылшын тілінде қойылым көрсетті.
Тәрбиеші Жумагулова
А.К. бүлдіршіндермен «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісін сахналады.
Фланеграф театры арқылы орыс тілінде «Қызыл телпек» ертегісін
тәрбиеші Касымова А.Т. балалармен көрсетті.
«Бауырсақ»ертегісін ересек тобының
балалары мен тәрбиеші Крикпаева А.Д. дайындады.
«Мақта қыз бен
мысық» ертегісін кіші топ бүлдіршіндері
мен тәрбиеші Садуакасова Ж.Т. қатысуымен койылым көрсеті.
«Шалқан» ертегісін бүлдіршіндермен тәрбиеші
Кабдрахманова А.К. сахналады.
Қойылымда өздеріне беріген кейіпкерлерін
ролін бүлдіршіндер жақсы орындап шықты.