Ақмола облысы білім басқармасының  Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі  Қорғалжын ауылының  "Балауса" бөбекжайы" МКҚК
ГККП "Ясли сад "Балауса"  села Коргалжын отдела образования  по Коргалжынскому району  управления образования Акмолинской области"

балабақшадағы балалармен тәрбиешілердің жұмысы

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

" Балабақшада инклюзивті білім берудің ерекшеліктері" атты аудандық семинар

06.04.2022

6- сәуір күні "Балауса" балабақшасында  " Балабақшада инклюзивті білім берудің ерекшеліктері" тақырыбында аудандық семинар өтті.
Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде, балабақшаларда белгілі себептермен ақыл-ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген  балалар білім алуда. Әр баланың білім алуда өз  ерекшеліктері  бар. Баланың эмоционалдық және психикалық таңым процестерінің дамуы деңгейі әр түрлі. Сонымен қатар  әр балаға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие, сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. Осы ретте балабақшамызда әрбір баланың даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп білім берілуде.   Бүгінгі семинарға аудандық  білім бөлімінің басшысы Омарова Сәуле Қуанышқызы және мектепке дейінгі әдіскер  Нарын Аяжан Серікқызы  қатысты. Семинарға  ауылдық балабақшалардың тәрбиешілері де шақырылды. Семинардың ашылуы балабақшаның әдіскері Мусабаева Күлзайраш Жұматайқызы  презентациясымен бастады.  Бақшаның педагог- психологы Курегенова Гүлнар Рақышқызы  келген қонақтармен тренинг және балалармен құм терапиясын  өткізді. Семинар барасында "Айгөлек" даярлық тобының тәрбиешісі Джакупова Айдана Төлеуханқыхы " Математика әлемі" тақырыбында ашық сабақ көрсетті.  "Күншуақ" ересек тобының тәрбиешісі Тургунбаева Алена Уракбайқызы  "Үйректің балапанының саяхаты" атты тәжірибе-сабақ  өткізді. "Жұлдыз" тобының бүлдіршіндерімен музыка жетекшісі Каратаева Мәриям Абылайханқызы  " Ритм әлемі"  атты оқу қызметін ұйымдастырды. Денешынықтыру нұсқаушысы Жортугулова Татьяна Сергеевна  "Айгөлек" даярлық тобының тәрбиеленушілерімен "Ұлттық ойындар" тақырыбында ойындар өткізді. 
Семинар  қорытындысы бойынша семинар жоғарғы деңгейде өтті деген бағамен бағаланды. Барлық қатысушы-тәрбиешілер балабақшаның жұмысымен танысып, тәжірибе алмасты. Өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру жолында одан әрі шыңдалып, сапалы білім сапалы тәрбие беруге зор үлесімізді қосамыз деп үлкен сеніммен айта аламыз.

          

Просмотров: 263


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст