Тақырыбы: «Қазақстан рәміздері
ұлтымыздың мақтанышы»
Сабақтың мақсаты: Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау бойынша
мемлекеттік саясаттың басымдықтарын жүзеге асыру. Баларды отансүйгіштікке,
адамгершілікке, Отанына, халқына адал еңбек етуге, халқының тегін, тарихын
білуге тәрбиелеу. Баланың ой-өрісін кенейту, жан - жақтылыққа шақыру, тіл
байлығын дамыту.
Сабаққа қажетті көрнекі- құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері - туы, елтаңбасы,
әнұраны. Астана қаласының нысандары, ғимараттары, мұражайларының суреттері.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: Сәлеметсіздерме
балалар, бүгін бізде ерекше сабақ болады. Сабағымызды әнұранмен
бастайық. Балалар қолдарын кеудеге қойып әнұранды айтады.
Тәрбиеші: Біздің
Отанымыз қалай аталады?
Айтөре: Біздің
Отанымыз Қазақстан Республикасы.
Тәрбиеші: Қазақстанның
бас қаласы яғни елордасы, астанасы қай қала?
Нұралі :Қазақстанның астанасы
- «Астана» қаласы .
Тәрбиеші: Дұрыс,
Астана – жас, көркем, әсем, әдемі
қала.
(Суреттерді көрсетіп, әңгімелеу). Біздің еліміздің президенті
кім?
Кәусар: Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: Ал
біз Қазақстанның қай ауылында
тұрамыз?
Максим: Корғалжын ауылында.
Тәрбиеші: Өте
жақсы, бүгін біз сендермен
Мемлекеттік
рәміздермен танысамыз. Ол үшін тақтадағы суреттерге назар аударайық. Мына суреттегі біздің еліміздің мемлекеттік
туы. Оның
ортасында
шұғылалы күн, астында
қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір
түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек жолақ түрінде нақышталған.
Шұғылалы күннің, қыранның және ұлттық өрнек бейнеленген тік жолақтың бейнесі –
сары, алтын түсті. Бұлтсыз
көк аспан барлық халықтарда
әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Нұрға малынған алтын күн
тыныштық пен байлықты бейнелейді.
Күн қозғалыстың, дамудың, өркендеудің және өмірдің белгісі.
Ал қанатын жайған қыран құс бар нәрсенің бастауындай биліктің,
айбындылықтың бейнесі,
күннің астында
қалықтаған қыран қазақ халқының еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін ашып көрсетеді.
Келесі суретте мемлекеттік елтаңбамыз көрсетілген. Елтаңбаның негізі – шаңырақ. Шаңырақ мемлекеттің түп негізі –
отбасының бейнесі.
Шаңырақты айнала
күн сәулесіндей тарап 72
уық шаншылған. Шаңырақтың айналасындағы уықтарды пырақтардың қанаты басып тұр. Қанатты тұлпар
аңыз - әңгімелерден туған ұшқыр арманның, талмас талаптаң, жақсылыққа
құштарлықтың белгісі. Бір шаңырақтың астында
тату-тәтті өмір сүрген Қазақстан халқының өсіп-өркендеуін, рухани
байлығын суреттеді.
Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бесбұрышты жұлдыз бейнеленген.
Ал келесі суретте «Менің қазақстаным» атты
әнұранымыздың сөздері жазылып көрсетілген.
Осының барлығын біз бір сөзбен «Мемлекеттік
рәміздер» деп айтамыз
Балалар, сендер бүгінгі тақырыбымызға байланысты ту, елтаңба туралы тақпақ
білесіңдерме?
Айдария:
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақта арман – қыраны,
Жалауы бұл халқымның,
Мәртебесі, мақтаны.
Аружан: Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі!
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әдемі.
Айсана: Батырлық бар тегімде,
Көк байрағым көгімде.
Әнұранды жатқа айтам,
Елтаңбам тұр төрімде.
Елордасы –
Астанам,
Саған айтам асқақ ән,
Дүнеиге қазақ боп,
Туғаныма мақтанам!
Иван. Бақыт, бірлік – күн талабы,
Тоқтамайды дабыр әні.
Мәңгі бақи шырқалады,
Республикамның әнұраны!
Ульяна: Айнымайды аспаннан,
Біздің
тудың бояуы.
Оны
халық қадірлеп
Биікке іліп
қояды!
Диана:
Тәуелсіздік тойына
Тарту
болсын бұл сабақ.
«Елім
менің» әнімен,
Ашық
болсын әр қабақ.
Асельдін орындауында ән «Елім менің»
Инаббат:
Еліміздің жолында,
Талай – талай тер тамған.
Билігім өз
қолымда,
Еркіндігім –
Елтаңбам.
Азат:
Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Жүрсем егер дүние кезіп.
Сергіту сәті:
Дөңгеленіп тұрамыз,
Керегені
құрамыз.
Уық болып иіліп,
Шаңырақты құрамыз.
Жақсы, Қазақстанда
әртүрлі ұлт халықтары тату тәтті өмір сүреді. Қазақстан үлкен, кең байтақ,
сұлу.
Балалардың орындауында ән «Ортақ
мекен жер шары»
Қорытынды: «Доп
лақтыру» ойыны
арқылы сабақты бекіту.
Балалар мына доп сендердің бүгінгі сабақты қалай
түсінгендеріңді білгісі келіп тұр екен.
Ойынның шарты: Мен допты сұрақ қою арқылы
кез – келген балаға лақтырамын, ол жауап қайтарып кері қарай маған лақтырады.
- Қазақстан
Республикасының президенті кім?
- Қазақстан
Республикасы туының түсі қандай?
- Туда
нелер белгіленген?
- Елтаңбаның
пішіні
қандай?
- Елтаңбада
нелер бейнеленген?
Өте жақсы балалар, осымен сабақ
аяқталды