МОНИТОРИНГ
"Балауса" балабақшасында педагог-мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында үш айлық жұмыс есебінің мониторингісі жасалып, үнемі педагогтардың кәсіби біліктіліктері көтеріліп отырады. Бұл балабақша әкімшілігінің басты назарында.
Барлық педагог-мамандар аталған мониторингте жылдық жоспарлары, циклограммалары, өзара сабаққа қатысу дәптері, жыл мезгілдеріне байланысты топты безендіру, техкарта, портфолио, біліктілігін арттыру курсына қатысу, үйірме жұмысы, ертеңгіліктер, сайыстар өткізу, сайтқа мақала жариялау, ата-аналармен жұмыс, қашықтық сайыстарға қатысу, ата-аналармен жұмыс, хаттамалары, табиғат бұрыштарын безендіру, топтың көрнекіліктерін дайындау бойынша жұмыстары сараланды.
Мониторингтің ең жоғары баллын жинаған тәрбиеші Джайлыбекова Т.К. - 71 балл, Тұрсынова А.А. - 67 балл, Касымова А.Т.-65 балл, Тайшибаева Г.Т. - 62 балл, Джакупова А.Т. - 61 балл, Мауит А. -57 балл, Жумагулова А.К.-55 балл, Омарова Г.А.- 54 балл, Иманалиева П.Н.- 46 балл, Қалқаманова Ж.Х.-45 балл, Аскарова А.А.- 39 балл, Жортугулова Т.С. - 29 балл, Баймуханова Ж.К. - 25 балл, Кайыржанова Д.Р. - 18 балл, Каратаева М.А. - 15 балл жинап, шығармашылық қоржындарын толтырды.
Алдағы уақытта аталған мониторинг өз кезегінде педагогтардың жұмыстары бойынша өзгеріп тұрады. Сондықтан да педагогтар үнемі ізденіс үстінде болып, кәсіби біліктіліктерін жоғарылатып отырады. "Білімді ұстаз - білімді ұрпақтың негізін қалаушы" деген ұстаныммен балабақша педагогтары барынша бала тәрбиесіне назар аударуда.